Құрлық әскерлерінде көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығулар басталды

Құрлық әскерлерінде көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығулар басталды

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің басқару органдары мен бөлімшелері көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысып жатыр.

Гвардейск гарнизонының «Мәтібұлақ» оқу полигонындағы маневрларға Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев басшылық етуде.

Жеке құрам жоғары жауынгерлік дайындық деңгейіне келтіріліп, бөлімшелер оқу-жаттығу өтетін ауданға теміржол және автомобиль көліктерімен марш жасады.

 – Әскерлерді тасымалдау логистикалық қамтамасыз ету талаптарын сақтай отырып ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта күштер толық орналастырылып, жеке құрам оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайын, – деп нақтылады 85395 әскери бөлімі штаб бастығының орынбасары майор Санжар Маметов.

Оқу-жаттығудың практикалық кезеңінде әскерлерді басқарудың шешім қабылдаудан бастап тапсырмаларды жеткізу және олардың орындалуын бақылауға дейінгі толық циклы пысықталады.

Командалық-штабтық оқу-жаттығулар жылдам өзгеретін жағдайда бөлімшелерді жоспарлау, үйлестіру және басқару дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Іс-шараларға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері мен әскери техникасы тартылды.