
Құрлық әскерлерінің әскери институтында жоспарлы жауынгерлік дайындық жалғасуда. Бірінші курс курсанттары паршютпен алғашқы секіруді орындап, әскери қызметке дайындығы мен мамандықтың күрделі элементтерін меңгеруге қабілеттерін көрсетті.
Бұған дейін олар кешенді дайындықтан өтті. Теорияны зерделеп, арнайы тренажерлерде жаттығып, қауіпсіздік шараларын сақтауды үйренді.
Алғашқы секіру әрбір курсант үшін маңызды сынаққа айналды. Биіктіктен секіру және толқынысты жеңу арқылы олар төзімділігін, өзін-өзі ұстауын және өз күштеріне сенімділігін көрсетті. Бұл тәжірибе тек дене дайындығын тексеріп қана қоймай, мінезді шыңдау жолында да маңызды қадам болғанын айта кету керек.
Нұсқаушылар курсанттардың тәртібі мен тапсырмаларды орындаудағы бірізді іс-қимылын атап өтті.
– Алғашқы секіру – десантшы офицердің мінезін қалыптастыратын маңызды кезең. Мұнда шешім қабылдау қабілеті, төзімділік және кез келген жағдайға қарсы әрекет ету дайындығы қалыптасады, – деді институт бастығы полковник Ербол Нұржанов.
Құрлық әскерлерінің әскери институтында теориялық оқытуды тәжірибемен ұштастыра отырып, болашақ командирлердің моральдық-психологиялық төзімділігін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.