
Наурыз мейрамы қарсаңында Семей қаласында дәстүрлі мәдени және отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Көктем аруы – 2026» байқауы өтті.
Оған отбасын, жұмысын, қызметі мен шығармашылығын қатар алып жүрген нәзік жандылар қатысты. Олардың арасында екі әскери қызметші болды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы медициналық қамтамасыз ету бөлімінің офицері медицина қызметінің майоры Назерке Нысан және Ұлттық әскери-патриоттық орталық филиалының аға маманы ефрейтор Гүлдана Әріпова өңірлік әскер атынан өнер көрсетті.
Байқауға қатысушылар көрермендерді көрнекі ұлттық киімдерімен, шығармашылық өнерімен, өзіндік ерекшеліктерімен және импровизациялық қабілетімен баурап алды.
Қазылар алқасы олардың таланттарын жоғары бағалады. Байқау қорытындысы бойынша Гүлдана Әріпова Бас жүлде иегері атанса, ал Назерке Нысан бірінші орын еншіледі.
Іс-шара әскери қызметтің отбасына деген қамқорлықпен және мәдени дәстүрлерді қастерлеумен қатар үйлесетінін айқын көрсетті.