
Тәуелсіздік алған сәттен бері Қарулы күштердің бұл қызмет саласы қарқынды дамып, заманауи көпфункционалды кешендермен қамтамасыз етіліп келеді.
Бөлімше мамандары радиоэлектрондық күрестің жаңа тәсілдері мен әдістерін ұдайы меңгеруде. Олар барлау құралдарының жаңа техникалық мүмкіндіктерін зерделеп, радиоэлектрондық қорғаныс тәсілдері мен шартты қарсыластың барлау құралдарына қарсы әрекет алгоритмдерін пысықтайды.
Сала мамандары жоғары техникалық дайындығымен, аналитикалық ойлау және радиоэлектрондық ахуалды жылдам бағалап, күрделі жағдайда тиімді шешім қабылдау қабілетімен ерекшеленеді. Олар Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында дайындалады.
Радиоэлектрондық күрес бөлімшелері қазіргі қарулы қақтығыстарда тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін заманауи радиоэлектрондық күрес құралдарымен жарақтанған.