Астанада әскери дипломаттарға арналған брифинг өтті

Астанада әскери дипломаттарға арналған брифинг өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде Қазақстанда аккредиттелген әскери-дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифинг өтті.

Қорғаныс ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылдың басым бағыттарын атап өткен Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов брифингке қатысушыларды Қазақстан Қарулы күштерін дамытудың негізгі басымдықтарымен және биылғы жылдың алдағы маңызды оқиғалармен таныстырды.

Сонымен қатар әскери дипломаттардың назарына Қарулы күштер Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының, Қорғаныс министрлігі Қару-жарақты бақылау және инспекцияларды қамтамасыз ету орталығының, ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының және ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының брифингтері ұсынылды.