
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлиньмен кездесуі өтті.
Кездесуге Қытай тарапынан ҚХР Қорғаныс министрлігінің Қазақстан Республикасындағы әскери атташе аппаратының өкілдері де қатысты. Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың ағымдағы және перспективалы бағыттары жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ әскери білім беру, әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.