Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімдеріне Жауынгерлік тулар табысталды

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімдеріне Жауынгерлік тулар табысталды

Алматы және Қонаев гарнизондарындағы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 12881, 68602, 44013, 26363, 99300 әскери бөлімдеріне Жауынгерлік тулар салтанатты түрде табысталды.

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы аүштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов салтанатты рәсімде десанттық-шабуылдау бөлімшелерінің күші жауынгерлік бауырластықта, бір-бірін өзара қолдауда және кез келген жағдайда елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға әзір екендігінде деп атап өтті.

Жауынгерлік туды тапсыру – бұл мемлекет, Жоғарғы Бас қолбасшы және Қарулы күштер басшылығы тарапынан ерекше сенім білдіру. Мұндай сенім көптеген жылдар бойы қарқынды жауынгерлік оқу-жатығулардан өткен соң барып қалыптасады. Бұл оқу-жауынгерлік қызметтегі жоғары көрсеткіштері, темірдей тәртібі және әскери ұжымның бірлігі үшін берілетін рәсім.

Десанттық-шабуылдау әскерлері Қарулы күштердің элитасы болып саналады. Олар қашанда жоғары дәрежеде жауынгерлік әзірлікте тұрады. Бірінші дабыл қағылысымен аталған бөлімшелер алдыңғы шепті алу үшін межелі ауданға жедел түрде жөнелтіледі. Әскерлер жоғары ұтқырлықпен, жедел шешім қабылдаумен және қойылған міндеттерді тиімді орындаумен ерекшеленеді. 

Төрт жыл қатарынан Десанттық-шабуылдау әскерлері көш бастап келеді. Бұл жылы да жауынгерлік жарыстың қорытындысы бойынша олар әскер тектері арасында бірінші орын еншіледі.