Әскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен әскери қызметшілерді іздестіру қағидаларына өзгеріс пен толықтыру енгізіледі

Әскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен әскери қызметшілерді іздестіру қағидаларына өзгеріс пен толықтыру енгізіледі

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің «Анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен әскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 23 тамыздағы № 473 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2020 жылғы 5 қазандағы № 500 бұйрығына қол қойылды.

Бұйрықпен әскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру кезінде әскери техниканы қолдану құқығы толықтырылып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елордасының аталуы өзгертілуіне байланысты өзгерту енгізілді.

Бұйрықтың толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-ресурсында танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/documents/details/78116?lang=ru