Әскердегі жаңа технологиялар

Әскердегі жаңа технологиялар

Жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, әскерлердің ұтқырлығын қамтамасыз ету, бұл басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің міндеті. Бүгінде олар әлемнің көптеген елдерінде әскерінде ажырамас бөлікке айналуда.

Атап айтқанда, қазақстандық әскери қару-жарақтың тізімінде ПКСА-М автоматтандыру жүйелерінің заманауи далалық кешендері бар. Бұл стратегиялық, жедел-стратегиялық және жедел-тактикалық буындағы басқару пункттерінің жұмысын автоматтандыруға арналған әскери мақсаттағы аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылады. Ол ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін, автоматтандырылған және автоматтандырылмаған режимдерде ақпаратты жинауды, өңдеуді, сақтауды және беруді қамтамасыз етеді.

Кешен жабдығы жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобиль шассиіне орнатылған мамандандырылған әмбебап қалыпты габариттер шанағында  орналастырылады.
Жалпы алғанда, кешен ақпараттық, технологиялық міндеттерді шешу және әскерлерді басқару бойынша ауқымды мүмкіндіктерге ие. ПКСА-М байланыс арналарын қабылдау мен жабуды (шифрлауды), ашық және жабық байланыс арналары бойынша деректерді беруді, кемінде 50 пайдаланушыны қоса отырып, жергілікті есептеу желісін өрістетуді жүзеге асыруға қабілетті. Барлық қажетті ақпарат жедел түрде командалық пункттің көрсетіліп, принтерлер мен плоттерлерде басып шығарылады.

Кешен ультра қысқа толқын диапазонында радио байланысын қолдайды. Арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету әскерлерді жауынгерлік әзірлікке келтіру туралы сигналдарды жедел қабылдауға, командалардың орындалуы және басқару органдары, құрамалар мен бөлімдер арасында күштердің бөлінуі туралы баяндауға, сондай-ақ жауынгерлік міндеттерді қоюды жүзеге асыруға және олардың орындалуын бақылауға мүмкіндік береді.