Алматыда Қарулы күштер дене шынықтыру дайындығы мамандарының оқу-әдістемелік жиыны қорытындыланды

Алматыда Қарулы күштер дене шынықтыру дайындығы мамандарының оқу-әдістемелік жиыны қорытындыланды

Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжінде Қазақстан Қарулы күштерінің дене шынықтыру және спорт бастықтарының оқу-әдістемелік жиыны аяқталды. Іс-шараға әскерлерде дене шынықтыруды ұйымдастыруға жауапты 50-ден аса маман қатысты.

Жиын бағдарламасы мазмұнды болды. Жеңіл атлетика, қоян-қолтық ұрыс, таңертеңгілік жаттығулар, спорттық жұмыс мәселелері бойынша әдістемелік сабақтар. Қатысушылар сонымен қатар шетелдік тәжірибені зерделеп, теориялық, әдістемелік және практикалық сынақтардан өтті.

Марапаттау рәсімі Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы полковник Арман Әбеуовтың басшылығымен өтті. Ол өз сөзінде нұсқаушылардың кәсіби жұмысы бөлімшелердің жауынгерлік дайындығына және армияның спорттық дәстүрлерінің дамуына тікелей әсер ететінін атап өтті.

Сынақ қорытындысы бойынша Әуе қорғанысы күштері әскери институтының офицерә майор Дархан Кесікбаев Қарулы күштердің дене шынықтыру дайындығының үздік маманы болып танылды. Екінші орынды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының офицері лейтенант Бектөре Назашов, үшінші орынды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының өкілі майор Ақылбек Сәбитов иеленді.

Бұдан басқа дене шынықтыру бойынша байқау-конкурстың қорытындысы шығарылды. Әскери бөлімдер арасында 12881, 28903, 35950, 32039 әскери бөлімдері, Ұлттық қорғаныс университеті және Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасы жеңімпаз атанды.

Қарулы күштердің XXII Спартакиадасы аясында ерлер арасында Бекнұр Нұрақынов, әйелдер арасында Елена Леонова үздік спортшы болып танылды. Жеңімпаздарға спорттық сағаттар, рюкзактар мен грамоталар табыс етілді.

Жеке құрамды даярлауға қосқан жоғары үлесі үшін Десанттық-шабуылдау әскерлері дене шынықтыру даярлығының бастығы майор Марат Ағамбаев спорттық сағатпен марапатталды.