Бұйрық жобасымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 268 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Жобада авиациада орнитологиялық жағдай туралы ақпаратты тиімді қолдану мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуларын орнитологиялық қамтамасыз ету тәртібін айқындау көзделген.
Құқықтық мониторинг жүргізу барысында бұйрық жобасына редакциялық сипаттағы түзетулер, атап айтқанда:
1) орнитологиялық қатынаста ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуеайлақ ауданына жылына 2 рет орнитологиялық тексеру жүргізу;
2) әуеайлақта әуе кемелерінің құстармен соқтығысуының алдын- алу бойынша ұшу қауіпсіздігін орнитологиялық қамтамасыз ету іс-шаралары жоспарының нысанын айқындай отырып, қосымшаны толықтыру енгізілді.
Сонымен қатар кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру мақсатында орнитологиялық қамтамасыз етуге жауаптылар жауынгерлік даярлық курсына сәйкес жиындарға тартылады және кемінде 5 жылда бір рет әскери оқу орындарындағы мамандандырылған курстарда біліктілігін арттыруға жіберіледі.