Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери нышандарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.
Жарлық жобасын құқықтық нормаларды сәйкестендіруге, Қарулы Күштер, Ұлттық Қауіпсіздік комитеті әскерлері мен әскери құралымдарының әскери нышандарын бекіту, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысаны мен айырым белгілері туралы кейбір бөлімдерін, сондай-ақ басқа да белгілерін нақтылауға мүмкіндік береді.
Жоба «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы, 2-тармағы, 9-тармақшасына және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңының 1-бөлігі 1 тармағындағы 23-бапқа сәйкес әзірленді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-ресурсында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5082968.