
Каспий теңізінде Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің корабльдерін алдағы қысқы кезеңге жоспарлы дайындау аяқталуға жақын. Күн суытқанда жүзу қысқы отынды пайдаланумен қоса, қысқы жұмыс режиміне көшуді талап етеді. Жанар-жағармай материалдарының қоры да әзірленген.
Дайындық шеңберінде корабльдердің қысқы жағдайда сенімді жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешені өткізілді. Кемелердің сырты, иллюминаторлар мен люктердің герметикалығы тексерілді, палубалық механизмдер тазаланып, майланды. Артиллериялық жүйелер мен шағын калибрлі қару-жарақ қондырғыларын тазарту және консервациялау жүргізілді.
Әскери-теңіз күштерінің барлық түрлері – зымыранды-артиллериялық корабльдер, патрульдік және десанттық қайықтар, сондай-ақ гидрографиялық кемелер қысқа дайындалуда. Сонымен қатар, арқанмен байлау, зәкір және палуба құрылғыларын тексеру, одан басқа мұзды ұруға арналған құрылғыларды дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жеке құрамды дайындауға ерекше көңіл бөлінуде. Кемелер экипаждары қысқы киім-кешекпен қамтамасыз етіліп, жылы киімдер мен костюмдердің жаңа үлгілері сыналды.
Қысқы кезеңде теңізге шығу санының қысқаруына қарамастан, Қазақстанның Әскери-теңіз күштері Каспий теңізінің қазақстандық секторында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайлы жедел жағдайды қолдау жөніндегі өзінің негізгі міндеттерін толық көлемде орындауды жалғастырады.
«Қысқы дайындық – жәй техникалық қызмет көрсету ғана емес, теңіз техникасының жауынгерлік дайындығының маңызды бөлігі. Біз корабльдердің сенімділігін, экипаждардың қауіпсіздігін және кез келген ауа райы жағдайында тапсырмаларды орындау қабілетін қамтамасыз етеміз», – деп атап өтті 3 дәрежелі капитан Ермек Оспанов.
Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің әртүрлі қару-жарақ пен әскери техника санының 100-ден астамы қысқы кезеңде пайдалануға ауыстырылды