Әскери теңізшілер Каспий теңізі арқылы Қазақстанның Мемлекеттік Туын алып өтті

Әскери теңізшілер Каспий теңізі арқылы Қазақстанның Мемлекеттік Туын алып өтті

Мемлекеттік Әнұран әуенімен олар ел бірлігінің нышанын бірінші дивизион пирсінің бойымен, содан кейін оны палубаға бекітіп, «Орал» зымыранды-артиллериялық кораблімен Каспий теңізімен жүзіп өтті.

Теңіз үстінде желбіреген 20 метрлік айбынды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – елдің қуатының, тәуелсіздігі мен бірлігінің символы екенін айшықтай түсті.

– Каспий толқындарымен осы қасиетті туды алып өту арқылы біз Отанымызға, оның жетістіктеріне және бейбіт өмірге деген зор құрмет сезіміне бөлендік, – деп атап өтті рота командирі капитан Жолды Мағжан.

 Әскери теңізшілер акцияны аяқтағанда жиналғандар қошемет көрсетіп, қол соқты. Іс-шара теңіз әскерилерінің бірлігін, әскери борышқа адалдығын және Отанға деген терең сүйіспеншілігін айқын көрсетті.