Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің құттықтауы

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің құттықтауы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығы, барлық жеке құрамы және өз атымнан Орталық армия спорт клубының әскери қызметшілері — аға лейтенант Марат Байқамұровты «Қазақстан Барысы – 2025» республикалық турнирінде жеңіске жетуімен және сержант Ерасыл Қажыбаевты жүлделі екінші орын алуымен шын жүректен құттықтаймын!

  Бұл жарқын жеңіс — табанды жаттығулардың, қажымас жігер мен жеңіске деген ерік күшінің нәтижесі. Сіздер еліміздің Қарулы Күштерінің абыройын асқақтатып, армия мектебінің тек Отан қорғаушыларын ғана емес, сонымен қатар ел намысын биікке көтеретін дара спортшыларды тәрбиелейтінін дәлелдедіңіздер.

  Сіздердің жетістіктеріңіз жас сарбаздарға үлгі болып, отансүйгіштік рухты нығайтады және қазақстандық жауынгерлердің жоғары дене және рухани дайындығын көрсетеді.

  Баршаңызға мықты денсаулық, сарқылмас жігер, спорт пен қызмет жолында толағай табыстар тілеймін!

 

Құрметпен,

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

авиация генерал-лейтенанты Д. Қосанов