Қарағанды гарнизонына қарасты 92835 әскери бөлімінде әскерлерді топогеодезиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға арналған оқу-жаттығу өтті.
Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, қарсыластың радиоэлектрондық күрес құралдарының ықпалы жағдайында әскерлердің жауынгерлік реттерін геодезиялық байқау және дәл орнына қою мәселелері пысықталды.
Жеке құрам жоғары жауынгерлік дайындық деңгейіне келтірілгеннен кейін, жауынгерлік тапсырмаға арналған марш жасап ауданға жетті. Сол жерде әскери қызметшілер қорғаныстағы операция барысында әскерлерді топогеодезиялық қамтамасыз ету шараларына кірісті.
Оқу-жаттығу шеңберінде әскерлерді топогеодезиялық ақпаратпен қамтамасыз ету іс-шараларын жоспарлау бойынша әскери бөлім штабының жұмысы ұйымдастырылды.
Әскери топографтар қарсыластың радиоэлектрондық ықпалы жағдайында әскерлердің жауынгерлік реттерін геодезиялық тұрғыда дәл анықтап, байқау жұмыстарын жүргізді. Мұндай жағдайда мамандар электромагниттік әсерге ұшырамайтын аналогтық құралдарды пайдалана отырып, геодезиялық өлшеулер жүргізді. Бірлескен жұмыстар кезінде бөлімшелердің өзара үйлесімділігіне ерекше көңіл бөлінді.
Іс-шаралар әскерлерді ғарыштық түсірілім материалдары мен цифрлық карталар негізінде жергілікті жер туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз етудегі практикалық дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік берді. Мамандар оқу-жаттығу ауданының өзекті цифрлық картографиялық материалдарын, нысандардың нақты фотосхемаларын дайындап, әскерлердің жауынгерлік ретін топогеодезиялық тұрғыда нақтылап белгіледі.
Оқу-жаттығу жеке құрамға әскерлерді нақты топогеодезиялық ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл алгоритмін тәжірибе жүзінде пысықтауға мүмкіндік берді.