Кәсіби мереке 1997 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің құжаттамалық қамтамасыз ету департаментін құру туралы директива қабылдауымен байланысты.
2005 жылы бұл бөлімше Әкімшілік департаменті болып қайта құрылды.
Құжаттамалық қамтамасыз ету саласының мамандары барлық құжат түрлерін ұйымдастыру және өңдеумен айналысады. Олардың тіркелуі, есепке алынуы, сақталуы, мұрағатқа тапсырылуы немесе жойылуға дайындалуы сала мамандарының қолында.
Ақпаратты жүйелеу, электрондық құжат айналымын енгізу, құжаттармен жұмыс істеу стандарттарын әзірлеу, жиналыстарға құжаттар дайындау және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау – бұл мамандардың қызметінің маңызды бөлігі.
Бұл міндеттерді орындау үшін құжаттамалық қамтамасыз ету мамандарынан жүйелі көзқарас, жоғары сауаттылық, жауапкершілік және мұқияттылық талап етіледі.
Құжатшылардың білімдері мен дағдыларын жетілдіру мақсатында сабақтар ұйымдастырылып тұрады. Құпия емес іс жүргізу қызметкерлерінің алғашқы жиындары 2006 жылы ұйымдастырылып, өткізілді.