Қарулы күштердің қызметшісі армрестлингтен әлем чемпионатында алтын олжалады

Қарулы күштердің қызметшісі армрестлингтен әлем чемпионатында алтын олжалады

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің өкілі Сандуғаш Сейдіш армрестлингтен әлем чемпионы атанды. Жарыс Болгарияның Албена қаласында өтті.

Қазақстандық спортшы 50 келіге дейінгі салмақта бірінші орынды иеленді.

Чемпионның айтуынша, оның мұндай жетістікке жетуіне қарқынды жаттығулар мен Арнайы операциялар күштері қолбасшылығының қолдауы маңызды рөл атқарған.