
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов «Айбалта-2025» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы өтіп жатқан ауданда болды.
Жұмыс сапары барысында ол оқу процесінің ұйымдастырылуымен танысып, басқару пункттерін, тіршілікпен қамтамасыз ету нысандарын және жеке құрамның орналасу жағдайларын тексерді. Әскерлерді басқару, байланыс және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі мен алдағы іс-қимыл жоспарлары туралы командирлердің баяндамалары тыңдалды.
Тексеру нәтижесінде әскерлер мен әскери инфрақұрылымның тактикалық міндеттерді орындауға дайындығының жоғары деңгейде екені расталды.