Ақкөлде Ұлттық қорғаныс университетінің әскери қызметшілері Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу іс-шарасын өткізді

Ақкөлде Ұлттық қорғаныс университетінің әскери қызметшілері Сағадат Нұрмағамбетовті еске алу іс-шарасын өткізді

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің жеке құрамы Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің рухына тағзым етті.

Дәстүрге айналған игі шара аясында университет басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы мен «Қарулы күштердің Бас штабы академиясы» факультетінің 1 курс магистранттары және әскери қызметшілердің отбасы мүшелері Ақмола облысының Ақкөл ауданындағы даңқты қолбасшының ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Митингте Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков көрнекті қолбасшының қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы, ұлттық армияның құрылуындағы және жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеудегі айрықша рөлін атап өтті. Іс-шараға қатысушылар жергілікті музейге барып, онда қойылған армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің өмір жолы, әскери қызметі мен мемлекеттік қызметін бейнелейтін бірегей фотоқұжаттармен танысты.

«Қарулы күштердің Бас штабы академиясы» факультеті магистранттарының бұл еске алу іс-шарасына қатысуы – әскери дәстүрдің сабақтастығын, әрі көрнекті қолбасшының есімін ардақтап, оны ұрпақ жадында мәңгі сақтау ісінің маңыздылығын айғақтай түсті.