Қорғаныс министрлігінде офицерлік үшсайыс пен табельдік қарудан оқ атужан өткен чемпионат жеңімпаздары марапатталды

Қорғаныс министрлігінде офицерлік үшсайыс пен табельдік қарудан оқ атужан өткен чемпионат жеңімпаздары марапатталды

Қарулы күштердің XV Спартакиадасы аясында Қорғаныс министрлігі мен Бас штаб бөлімшелері арасында ұйымдастырылған офицерлік үшсайыс және табельдік қарудан оқ ату біріншіліктерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері салтанатты жағдайда марапатталды.
Жарыстар екі топ бойынша өтті.

Бірінші топта – Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың құрылымдық бөлімшелері, ал екінші топта – Қарулы күштердің бас басқармалары қатысты.

Үшсайыс бағдарламасына Макаров тапаншасынан ату, жүзу және жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген жүгіру жарыстары енді.

Бірінші топ бойынша жалпыкомандалық есепте офицерлік үшсайыстан жеңіс тұғырына Әскери өкілдіктер орталығының командасы көтерілсе, екінші орынды Қару-жаоақты бақылау және инспекцияны қамтамасыз ету орталығы, үшінші орынды Жауынгерлік даярлық департаменті иеленді.

Жеке біріншілік нәтижесінде 30 жасқа дейінгі санатта Жауынгерлік даярлық департаментінің өкілі майор Нұрзат Оразбек, 40 жасқа дейін – Қару-жарақты бақылау және инспекцияны қамтамасыз ету орталығының өкілі капитан Мұрат Смғұлов, 40 жастан жоғары – Мемлекеттік құпияларды қорғау департаментінің өкілі подполковник Альнұр Қуанғалиев үздік атанды.

Әйелдер арасында Әскери өкілдіктер орталығының қызметшісі Меруерт Қалиева ең үздік нәтиже көрсетті.
Қарулы күштердің бас басқармалары арасындағы екінші топта Бірінші орынды Қару-жарақ бастығының басқармасы, екінші орынды Тыл бастығының басқармасы,
үшінші орынды Әскери инфрақұрылым бас басқармасы иеленді.

Жеке біріншілікте: 30 жасқа дейін – Әскери полиция бас басқармасынан капитан Нұрдәулет Тағайбек, 40 жасқа дейін – Әскери инфрақұрылым бас басқармасынан лейтенант Марат Өтешқалиев, 40 жастан жоғары – Тыл бастығы басқармасынан подполковник Мұрат Ақынбеков топ жарды.
Әйелдер арасында Қару-жарақ бастығы басқармасынан подполковник Ұлпан Талап озды. Ал тапаншадан ату чемпионатында әскери қызметшілер ПМ-3 жаттығуы бойынша 25 метр қашықтықтағы нысанаға оқ атты.

Бірінші топтың командалық нәтижесінде: алтын Әскери өкілдіктер орталығына, күміс Жауынгерлік даярлық департаментіне, қола  Әскери-техникалық саясат департаментіне бұйырды.

Жеке есепте ерлер арасында подполковник Тұрғынбек Хаким (Әскери өкілдіктер орталығы), әйелдер арасында кіші сержант Дәуренгүл Нұрланқызы (Жауынгерлік даярлық департаменті) чемпион атанды.

Екінші топтың нәтижелері бойынша командалық есепте  Тыл бастығы басқармасы бірінші, Қару-жарақ бастығы басқармасы екінші, Әскери инфрақұрылым бас басқармасы үшінші орын алды.

Жеке біріншілікте ерлер арасында подполковник Мұрат Ақынбеков (Тыл бастығы басқармасы), әйелдер арасында  майор Динара Байкенова (Әскери инфрақұрылым бас басқармасы) жеңіске жетті.

Чемпиондар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.