Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында болашақ офицерлерді қатаң іріктеу басталды. Бірінші кезеңде қабылдау комиссиясы кешенді психологиялық тестілеу мен медициналық тексеру жүргізеді.
Институт мамандары дене шынықтыруға ғана емес, талапкерлердің моральдық-еріктік қасиеттеріне де назар аударады. Құрлық әскерлері әскери институты бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Даньяр Құдайбергенов «біз осылайша армиямыздың болашағын қалыптастырамыз» деп атап өтті. Оның айтуынша, медициналық комиссия – курсанттар қатарына тек ең мықты және физикалық тұрғыдан сау үміткерлердің кіруін қамтамасыз ететін негізгі «сүзгі».
Психологиялық тестілеу жөніндегі комиссияның мүшесі капитан Нұржанат Маханова қазіргі заманғы офицер стресстік жағдайларға дайын болуы, тез шешім қабылдай алуы және командада жұмыс істей білуі тиіс екенін атап өтті. Ол тесттер мен әңгімелер үміткердің әскер сапына қаншалықты дайын екенін және оның әскери ұжымда сенімді буын бола алатындығын анықтауға көмектеседі деп қосты.
Талапкерлердің көпшілігі бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша тамаша нәтиже көрсетті. Мамандар жастардың салауатты өмір салты мен дене шынықтыруға көбірек көңіл бөле бастағанын атап өтті. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда оң үрдіс.
Құрлық әскерлері әскери институтының негізгі миссиясы – кез келген уақытта Отанды қорғауға дайын жоғары дәрежелі офицерлерді даярлау.