Әскери мүлікті пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер енгізілді

Әскери мүлікті пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер енгізілді

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (жүк көтергіш механизмдерді, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарды) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы  28 қаңтардағы № 55 бұйрығына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 437 бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілді.

Бұл бұйрыққа «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына және «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде 2020 жылға арналған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жоспарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 191 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 23 шілдедегі № 348 бұйрығының 44-тармағына сәйкес өзгерістер енгізілді.

Өзгерістер әскери бөлімдердің қауіпті техникалық құрылғыларының мазмұны мен пайдаланылуы туралы хабарламаларды жіберудің нақты мерзімдерін айқындайды. Олар жүк көтергіш механизмдерді, қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстарды қауіпсіз пайдалануды бақылау, сондай-ақ нормаларды ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 69 және 77-баптарына сәйкес келтіру қажеттілігінен туындады.