Қарулы күштерде жауынгерлік оқудың кезекті кезеңі – мамандық бойынша дайындық басталды

Қарулы күштерде жауынгерлік оқудың кезекті кезеңі – мамандық бойынша дайындық басталды

Мамандық бойынша дайындық Қарулы күштердің барлық түрлері мен әскер тектерінің әскери бөлімдерінде жауынгерлік оқу бағдарламаларында бөлінген уақытта ұйымдастырылады. 

Сабаққа келісімшарт бойынша 20 000-нан астам әскери қызметші мен сарбаз тартылды. Оларды сапалы өткізу үшін Қарулы күштерде тиісті әдістемелік даярлығы бар тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен 2000-нан астам оқу тобы құрылды. 

Дайындық барысында негізгі күш-жігер әскери қызметшілердің бөлім командирі, танк командирі, жаяу әскер жауынгерлік машинасының командирі, есептоп командирі, экипаж командирі сияқты әскери-есептік мамандықтарды игеруіне бағытталған. Сондай-ақ, сарбаздар танк көздеуші-операторы, Т-72, БМП-2 және МТЛБ тасымалдаушы-тартқышының механик-жүргізушісі, ұшқышсыз ұшу аппаратының операторы, есептеуші, байланыс, инженерлік әскерлер, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, радиоэлектрондық күрес әскерлері маманының дағдыларын меңгереді.

Оқу процесі дәйекті түрде ұйымдастырылып, кезеңдерге бөлінеді. Олардың әрқайсысында жауынгерлер белгілі бір білім мен дағдыларды игереді. Сабақтар мамандықты игеруге деген ұмтылысты дамытуға, оның мазмұнымен танысуға және практикалық әрекеттерді үйретуге бағытталған. 

Бөлімшелерде мамандық бойынша даярлау командирлер мен сержанттардың басшылығымен штаттық-лауазымдық мақсатына сәйкес ұйымдастырылады. Оқуды аяқтағаннан кейін әскери бөлімдерде жауынгерлік даярлық пәндері бойынша бақылау сабақтары өтеді. Сабақтар 4 шілдеге дейін жалғасады.