Ұлы Отан соғысының ардагері Анна Эдуардовна Букинаны 102 жасқа толған туған күнімен Орал қалалық мәслихатының төрағасы Есентай Қалиев, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әскери қызметшілері, қала әкімдігі мен ардагерлер кеңесінің өкілдері құттықтады.
Қонақтар ғасырдан асқан қарияға қала әкімі Мұрат Байменовтың атынан алғыс хат пен сыйлықтар табыс етті.
– Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Оны жақындатуға қарт та, жас, ерлер де, әйелдер де қатысты, – деп атап өтті Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ардагерлермен жұмыс жөніндегі қызмет бастығы майор Жанболат Сәрсенғалиев. – Олардың арасында біздің жерлесіміз Анна Букина да бар.
Анна Эдуардовна 1923 жылы Белоруссияда дүниеге келген. 1944 жылы мамырда майданға өз еркімен кеткен. Майданда ол байланысшы болып, көптеген шайқастарға қатысты. Қария «Жеңіс үшін», «Ерлігі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» медальдарымен және басқа да мерейтойлық наградалармен марапатталған.
Соғыстан кейінгі уақытта Анна Эдуардовна «Зенит» зауытында жұмыс істеп, 1978 жылы құрметті демалысқа шықты.