Сарбаз аналары комитетінің төрайымы Гвардейск гарнизонындағы сарбаздардың қызмет жағдайымен танысты

Сарбаз аналары комитетінің төрайымы Гвардейск гарнизонындағы сарбаздардың қызмет жағдайымен танысты

«Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитетінің өкілдері Гвардейск гарнизонының әскери бөлімдерінде болып, әскери қызметшілердің қызмет ету жағдайын тексерді.

«Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитетінің төрағайымы Лилия Хайруллина бастаған уәкілетті тұлғалар казармалар мен сарбаз асханаларына барып, медициналық пунктер мен тұрмыстық үй-жайларды аралап шықты.

Лилия Хайруллина сарбаздармен сөйлесіп, олардың жағдайы, басшылықпен қарым-қатынасы және бөлімдердегі моральдық-психологиялық ахуал туралы сұрап білді. Сапар барысында гарнизондық госпитальға ерекше назар аударылды. Сарбаз аналары жауынгерлерді емдеу үшін медициналық мекемеде жасалған жағдайды, медициналық көмек деңгейін және жабдықтарды зерделеді. – Біз армияны қоғамға ашық етуге, ата-аналардың оған деген сенімін арттыруға және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге қиын жағдайларды шешуге көмектесуге тырысамыз, - деп түсіндірді Лилия Хайруллина.

«Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитеті осындай іс-шараларды тұрақты негізде өткізіп тұрады. Олар ашықтықты қамтамасыз етуге, әскери қызметшілердің құқықтарын сақтауға және қоғамның армияға деген сенімін нығайтуға бағытталған.