Арнайы операциялар күштерінің жауынгерлері Иорданияда өтетін жарыста Қазақстанның намысын қорғауға дайындалуда

Арнайы операциялар күштерінің жауынгерлері Иорданияда  өтетін жарыста Қазақстанның намысын қорғауға дайындалуда

Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштерінің командасы 14-ші Warrior Competition 2025 халықаралық жарысына дайындықтың соңғы кезеңінен өтіп жатыр.

Жыл сайынғы жарыстар Иорданияда Король Абдалла атындағы Арнайы операциялар күштерін даярлайтын орталықтың полигонында өтеді. Биыл байрақты бәсекеге әлемнің 40-қа жуық елінен мықты деген элиталық бөлімшелердің қатысуы жоспарлануда.

Әскери қызметшілер ұрыс жүргізу тактикасын, шабуылдау іс-қимылдарын, атуды, эвакуация элементтерін және топ құрамындағы өзара іс-қимылды пысықтайды.

Дайындық таулы жерлерде, ыстық ауа райында және шектеулі ресурстар жағдайында жүзеге асырылады.

Сабақтар төзімділікті, психологиялық тұрақтылықты және жылдам шешім қабылдауды тексеруге бағытталған.

Арнайы операциялар күштерінің жауынгерлері елдің атынан абыроймен шығып, кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін көрсету үшін бәрін жасайтынына үлкен сенім артамыз.