"2022 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы" 2022 ж. 27 маусымдағы № 457 ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығы

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының1) тармақшасына сәйкес,БҰЙЫРАМЫН:

  1. 2022 жылы 1 500 әскери міндетті әскери жиындарға шақырылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) алғашқы ресми жарияланғанкүнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1)және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 Генерал-полковник                    Р. Жаксылыков

Дата публикации
08 июля 2022