1976 жылдың 7 тамызда ҚазКСР Орал облысы Шыңғырлау ауданының Лубенка ауылында дүниеге келді
Білімі
1997 жылы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесі
2007 жылы Ұлттық қорғаныс университеті
2019 жылы РФ ҚК Бас штабының Әскери академиясы
Генерал-майор Мереке Көшекбаев әскери училище курсантынан бастап Құрлық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасарына дейінгі мансаптық жолдан өтті.
Ол әр жылдары жауынгерлік дайындық бойынша жауапты қызметтер атқарды. Бірнеше әскери бөлімдердің командирі, ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы болды.
II дәрежелі «Данқ», II дәрежелі «Айбын» ордендерімен, ведомстволық наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
2024 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды.
Бұған дейін ол Бас штаб бастығы – ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары болды.