Меню
Баспасөз орталығы
Страницы
Министрлік туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Комитетттер
Құжаттар

Солтүстік өңірлерде қоныс аударатын құстар бағыты бойынша құс тұмауына қарсы вакцинация жүргізіледі – АШМ

Солтүстік өңірлерде қоныс аударатын құстар бағыты бойынша құс тұмауына қарсы вакцинация жүргізіледі – АШМ

Жоғары патогенді құс тұмауына қарсы вакцинация құс фабрикаларынан 20 шақырым радиуста және жабайы құстардың ұшу бағыты бойынша жүргізіледі деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі

Құс тұмауы қоздырғышын республиканың басқа өңірлеріне тарап кету қаупін болдырмау үшін ҚР АШМ ветеринариялық қадағалау және бақылау комитеті Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының РФ шекаралас аудандарында, сондай-ақ Ақмола облысының кейбір аудандарында вакцинациялауды бастау туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, құс тұмауына қарсы күрес стратегиясына сәйкес жұмыс істеп тұрған құс фабрикаларынан 20 км радиуста және жабайы құстардың ұшу бағыты бойынша жеке аулаларда үй құстарын вакцинациялау көзделген.

Айта кету керек, Солтүстік Қазақстан облысының құс фабрикаларында құс өлімі фактілері тіркелген жоқ.

Бұған дейін хабарланғандай, жоғары патогенді құс тұмауының таралуына қарсы Солтүстік Қазақстан облысында: құстардың өлекселерін жою, үй-жайлар мен аула аумақтарын залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, өңірге құстарды вакцинациялау үшін жоғары патогенді құс тұмауына қарсы отандық 873 мың препарат бөлінді.

Елімізде бүгіннен бастап Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев ауданынан тірі құс және инкубациялық жұмыртқа, мамық пен қауырсын, құс еті мен құс шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлерін, құстарға арналған жемшөп пен жемшөп қоспаларын, сондай-ақ бұрын пайдалануда болған құстарды күтіп-бағуға, союға және мүшелеуге арналған жабдықтарды шығаруға уақытша шектеулер енгізілді.

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық эпизоотияға қарсы отряды өлген үй құстарының иелеріне келтірілген шығын құнын орташа айлық нарықтық баға негізінде төлейтінін, бағаны Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы арнайы комиссия анықтайтынын мәлімдеді.

Өтемақы алу үшін өлген үй жанауарларының иелері өтініш беруі керек. Ақшалай қаражат картаға аударылады. Бұл ретте, зардап шеккен жануарлардың өлекселеріне комиссиялық акті жасалып, ресми түрде тіркелуі қажет.

Дата публикации
17 сентября 2020
Направления деятельности
Популярные новости
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің халыққа есеп беру кездесуі өтетіні туралы ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің халыққа есеп беру кездесуі өтетіні туралы ХАБАРЛАМА
Қазақстанда 2019 жылы 10 млн.-ға жуық мал сырғаланған
Қазақстанда 2019 жылы 10 млн.-ға жуық мал сырғаланған
Социальные медиа
Instagram
Youtube
Telegram
Меню подвал
ҚР Президентінің сайты
Тұрақты даму мақсаттары
Ашық Үкімет
Заңнама
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Парламентінің сайты
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Үкіметінің құрылымы