Ауыл шаруашылығы министрі Түркістан облысының халқымен кездесу өткізеді

Ауыл шаруашылығы министрі Түркістан облысының халқымен кездесу өткізеді

2025 жылғы 5 мамырда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуі аясында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Түркістан облысының тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен кездесу өткізеді.

Күн тәртібінде – өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар және көктемгі дала жұмыстары мәселелері қарастырылады.

Кездесу уақыты: сағат 15:00
Өтетін орны: Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Таскешу ауылы, «Gen group» ЖШС.

БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.

Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмірі: +7 775 837 8519 – Асия Нұрпейісова.

Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарды келесі электронды поштаға жолдауыңызды сұраймыз: kadrinova.as@minagri.gov.kz.