Жамбыл және Түркістан облыстарында шегірткеге қарсы 348 мың гектардан астам аумақ өңделді

Жамбыл және Түркістан облыстарында шегірткеге қарсы 348 мың гектардан астам аумақ өңделді

Аталған өңірлерде шоғырланған шегіртке зиянкестерінің таралуын болдырмау мақсатында фитосанитариялық іс-шаралар белсенді жүргізілуде. 907,09 мың гектар жерге зерттеу жүргізіліп, оның ішінде 7 дрон пайдаланылды. Зиянкестер қоныстанған аумақ көлемі 456 мың гектарды құрап, оның 354 мың гектары экономикалық зияндылық шегінен асты.

Қазіргі таңда 348 мың гектар жер өңделді: Жамбыл облысында — 14 мың, Түркістан облысында — 335 мың гектар.

Күрес шараларын тиімді жүргізу үшін 207 жер үсті бүріккіш техника, 5 ұшақ, 8 дрон және 1 000-нан астам маман жұмылдырылған. Өңдеу жұмыстары агротехникалық мерзімде, жоғары биологиялық тиімділікпен жүргізілуде.

Биыл шегіртке зиянкестерінің таралуы 2,1 млн гектар аумақта болжанып отыр — бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға аз. Химиялық өңдеуге 443 бүріккіш техника мен 46 дрон тарту көзделген.

Өңірлерде жедел штабтар құрылып, іс-шаралар жоспары мен Жол карталары бекітілді. Бұл — зиянкестердің таралу қаупіне жедел әрекет етуге және жұмысты үйлестіруге мүмкіндік береді.

Зиянкестерге қарсы күрес шаралары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауында.