
26 сәуір күні ҚР АШМ қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Сенбілікке министрліктің елуге жуық қызметкері қатысып, қыс мезгілінен кейінгі қала аумағын абаттандыру мен тазартуға өз үлестерін қосты. Қатысушылар рекреациялық аймақтарда, саябақтарда, және аулаларда қоқыс жинау жұмыстарын жүргізді.
Министрлік экологиялық жағдайды жақсартуға және азаматтардың экология мәселелеріне деген саналы көзқарасын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдайды. Осындай іс-шараларға қатысу экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоғамның назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аударуға және табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеуге ықпал етеді.