Ұлытау облысында ауыл шаруашылығы дақылдары 32 мың гектардан астам жерге егілмек

Ұлытау облысында ауыл шаруашылығы дақылдары 32 мың гектардан астам жерге егілмек

Өсімдік шаруашылығымен айналысатын шамамен 40 шаруа қожалығы бар өңірде көктемгі дала жұмыстарына дайындық белсенді жүргізілуде.

2025 жылға жоспарланған егіс алқаптарының жалпы көлемі 32 мың гектарды құрайды, оның ішінде бидай – 22 мың га, арпа – 1,8 мың га, мал азықтық дақылдар – 3,5 мың га, көкөністер мен картоп – 1,0 мың га.

Суармалы жер көлемі – 1 000 га.

Дәнді дақылдарды себуге қажетті тұқым көлемі – 2 500 тонна.

Өсімдік шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдау шаралары аясында 141,1 млн теңге қарастырылған.

Көктемгі егіс науқанына 70 трактор, 220 сепкіш, 2 егіс кешені, 37 жүк көлігі және шамамен 200 қосалқы техника жұмылдырылатын болады.

Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы – 100%.

2024 жылы шегірткеге қарсы химиялық өңдеу 14 900 гектар аумақта жүргізілсе, биыл 24 312 гектар жерге өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.