«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында ауыл шаруашылығы министрі азаматтарды қабылдады

«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында ауыл шаруашылығы министрі азаматтарды қабылдады

Түрлі мәселелер бойынша 4 адам қабылданды. Онда жер учаскелерін беру, тері мен жүнді өңдеу жобаларын іске асыру, сондай-ақ шаруаларға мемлекеттік қолдау көрсету мәселелері қаралды.

Министр барлық өтініштерге егжей-тегжейлі жауап берді, сондай-ақ сұрақтар мұқият зерттелетініне және ескерілетінін айтты.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында Министрлік басшылығы белгіленген кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.