2025 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Ақтөбе облысының тұрғындарымен, оның ішінде ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен кездеседі. Бұл кездесу орталық атқарушы органдардың тұрғындармен кездесулері аясында өтеді.
Күн тәртібінде — аймақтың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту үшін қабылданған шаралар мен көктемгі дала жұмыстарына дайындық.
Кездесу сағат 10:00-де өтеді, мекенжайы: Ақтөбе қаласы, 41 разъезд, 194 учаске, «Kazfeltec» ЖШС.
БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.
Қосымша ақпарат алу үшін телефон: +7 775 837 8519 – Асия Нұрпейісова.
Аймақтың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарды мына электронды поштаға жіберуді сұраймыз: kuantaev.e@minagri.gov.kz.