8,5 млн шабақ Атырау облысындағы Бақсай су арнасында құтқарылды

8,5 млн шабақ Атырау облысындағы Бақсай су арнасында құтқарылды

Бақсай су арнасында шабақтарды құтқару шаралары жалғасуда. 21 қаңтар таңына дейін 2 млн-нан астам шабақ құтқарылды. Жалпы, бірнеше күн ішінде 8,5 млн шабақ құтқарылды.

Жұмысқа 45 қызметкер мен 8 техника бірлігі жұмылдырылған. Құтқарылған, салмағы 5-6 грамм болатын балықтар тірі күйінде Жайық өзеніне жеткізілуде.

Шаралар жалғасып жатыр. Жағдай Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бақылауында.