
2024 жылғы 26 желтоқсанда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов Астана қаласының тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізеді.
Күн тәртібінде – өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты қабылданған шаралар.
Кездесу сағат 15.00-де Астана қаласы, Ә.Мәмбетов көшесі, 24 мекенжайы бойынша «Аффари» бизнес орталығында өтеді.
БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.
Толық ақпарат үшін телефон: +7 7054406424 – Дана Әрін.
Өңірдің АӨК-ін дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды dossov.t@minagri.gov.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.