Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Маңғыстау облысының халқымен кездесу өткізеді

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Маңғыстау облысының халқымен кездесу өткізеді

2024 жылғы 20 желтоқсанда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Маңғыстау облысының тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізеді.

Күн тәртібінде – өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты қабылданған шаралар.

Отырыс сағат 10.00-де Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 4-шағын аудан, 72, Ақтау қаласы әкімдігінде өтеді.

БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.

Толық ақпарат үшін телефон: +7 7054406424 – Дана Әрін.

Өңірдің АӨК-ін дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды dossov.t@minagri.gov.kz  электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.