Ауыл шаруашылығы вице-министрі Атырау облысының халқымен кездесу өткізеді

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Атырау облысының халқымен кездесу өткізеді

2024 жылғы 19 желтоқсанда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Атырау облысының тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізеді.

Күн тәртібінде – өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты қабылданған шаралар.

Кездесу сағат 11.00-де Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Бірлік ауылы, Қаби Оқаев көшесі, 17Б мекенжайы бойынша «Каспий балық» ЖШС ғимаратында өтеді.

БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.

Толық ақпарат үшін телефон: +7 7054406424 – Дана Әрін.

Өңірдің АӨК-ін дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды dossov.t@minagri.gov.kz  электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.