Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы қаласының халқымен кездесу өткізеді

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы қаласының халқымен кездесу өткізеді

2024 жылғы 9 желтоқсанда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Алматы қаласының тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізеді.

Күн тәртібінде – өңдеушілермен кездесу және өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты қабылданған шаралар.

Кездесу сағат 11:30-да Алматы қаласы, Байзақов көшесі 303, 2-қабат мекенжайы бойынша өтеді.

БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.

Толық ақпарат үшін телефон: +7 775 837 8519 – Әсия Нұрпейісова.

Өңірдің АӨК-ін дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды kuantaev.e@minagri.gov.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.