С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті мемлекеттік білім беру гранттарының санын арттырған еліміздің жоғары оқу орындары арасында екінші орынды иеленді.
2023 жылы ҚазАТЗУ-ға барлығы 2 676 грант бөлінді, ал биыл олардың саны 3 842-ге дейін өсті. Бұл - талапкерлердің аграрлық сектор мамандықтарына деген қызығушылығының артқанын көрсетеді.
Гранттардың көпшілігін Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультетінің болашақ студенттері алды – 923. Екінші орында-Энергетика факультеті. Онда 899 грант иегері оқитын болады. Үшінші орында - 638 гранты бар Техникалық факультет.
Жалпы алғанда, университетте грант бойынша білім алушылар саны магистратура мен докторантураны қосқанда 5 мыңға жуық студентке жуықтайды.