Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы өкілдері өкілдері астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығына барды

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы өкілдері өкілдері астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығына барды

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының Бас директоры Берік Арын, АҚИҰ бағдарламалар және жобалар департаментінің директоры Али Зульфикар А. Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығының жұмысымен танысты.

Сапар барысында қонақтар қазақстандық орталықтың жұмысын көріп, зертханада және егіс алқаптарында еңбектеніп жүрген ғалымдармен кездесу өткізді.

​Орталықтың бірінші қабатында орналасқан көрмеде ғалымдардың жылдар бойы шығарған дәнді-дақылдардың жаңа сорттарымен танысып, жетістіктерін жоғары бағалады.

Оның айтуынша, ғылыми жұмыстардың арқасында шығарылған жүздеген жаңа сорттар ұжымның кәсіби деңгейін көрсетеді.

​Кездесу қорытындысы бойынша АҚИҰ басшылығы ИЫҰ елдері арасындағы ынтымақтастықты белгіленген бағыттарда кеңейту туралы ниетін білдірді және белгіленген уағдаластықтар шеңберінде одан әрі өзара тиімді серіктестіктің маңыздылығын атап өтті.

АҚИҰ-ның негізгі миссиясының бірі Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдерге азық-түлік қауіпсіздігі бағытында туындайтын мәселелерді шешу жолында тиімді ұсыныс беріп, жаңа технологиялар енгізу.