2024-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША БАҒДАРЛАМАЛЫҚ-НЫСАНАЛЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА КОНКУРС ҚАЙТА ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

2024-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША БАҒДАРЛАМАЛЫҚ-НЫСАНАЛЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА КОНКУРС ҚАЙТА ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - АШМ) конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту» басым бағыты бойынша 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын (қолданбалы ғылыми зерттеулер) жүргізуге конкурс қайта өткізетіні туралы хабарлайды.

«ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен жұмыс жөніндегі Call center (is.ncste.kz) өтінімдерді тіркеу және ЖТН алу үшін: 8-727-355-50-02 (ішкі 207, 208, 210, 211, 212, 214, 215, 216, 217, 219, 220, 222, 223, 224, 226, 227, 228). Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-18:00, түскі ас 13:00 – 14:00.

Конкурстық құжаттама және өтінімді ресімдеу бойынша түсіндіруді жүзеге асыратын АШМ-дегі жауапты тұлға - Өскенбаев Асқар, телефоны 8 (7172) 55-59-73, электрондық мекенжайы: uskenbaev.a@minagri.gov.kz. жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, 9:00 – 18:30, түскі ас  13:00-14:30.

Конкурстық өтінімдер АШМ-не ғылыми басшының және өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы мына сілтеме бойынша беріледі: https://is.ncste.kz.

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2024 жылғы 26 сәуірден бастап.

Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі – 2024 жылғы 26 мамыр (қоса алғанда).

2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттама