Ауыл шаруашылығы министрі Түркістан облысы тұрғындарымен кездесу өткізеді

Ауыл шаруашылығы министрі Түркістан облысы тұрғындарымен кездесу өткізеді

2024 жылғы 26 сәуірде орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуі аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Түркістан облысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу өткізеді.

Күн тәртібінде - көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу, агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мәселелері. Бұдан басқа, жұмыс сапары аясында облыстың бірнеше фермерлік шаруашылығына бару жоспарланған.

Кездесу сағат 14.30-да «Айбарша» ШҚ (Құркелес ауылдық округі, Ақниет елдімекені, Ақбұлақ көшесі) алаңында өтеді.

БАҚ-ты кездесуге қатысуға шақырамыз.

Толық ақпарат тел. бойынша: +7 776 632 22 88 – Ерқанат Сарсенбай

Сондай-ақ, өңірдің АӨК дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды temir.b.zh@minagri.gov.kz. поштасына жіберуді сұраймыз.