ТМҰ Ауыл шаруашылығы министрлері үшінші отырыстың қорытындысы негізінде коммюникені қабылдады

ТМҰ Ауыл шаруашылығы министрлері үшінші отырыстың қорытындысы негізінде коммюникені қабылдады

ТМҰ Ауыл шаруашылығы министрлерінің үшінші отырысының нәтижесінде қорытынды коммюникеге қол қойылды. Сапар барысында тараптар жан-жақты пікір алмасып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасын дамытуға, ауыл шаруашылығын сақтандыру жүйелеорін ілгерілетуге, зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты.

Сонымен қатар, қатысушылар ауыл шаруашылығы ынтымақтастығы жөніндегі жұмыс тобы шеңберінде құрылған бес кіші топтың "қызмет жоспарын" аяқтау және оны тезірек іске асыруға ниетті екендіктерін білдірді.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы министрлері нақты уақыт режимінде ортақ деректер алмасу платформасын құру, нарықтық ақпаратпен бөлісу және деректерді талдау, сауданы толықтыру және ТМҰ аймағындағы ауыл шаруашылығындағы қосылған құн тізбегі туралы есептер қажеттіліктері мен мүмкіндіктері бойынша жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ тараптар ауыл шаруашылығы дақылдарының жергілікті және климатқа төзімді сорттарын сақтау және тарату үшін өңірлік тұқым банкін құру жөніндегі жұмысты жалғастырудың қажеттігін бірауыздан мақұлдады.

Қатысушылар ауылшаруашылық инфрақұрылымын жақсарту үшін ішкі және шетелдік инвестицияларды тартуға келісті.

Қорытынды құжатқа барлығы он бес тармақ енгізілді. Коммюникенің толық мәтінімен ҚР АШМ ресми сайтында танысуға болады.

Айта кету керек, ТМҰ ауыл шаруашылығы министрлері цифрлық агродеректер платформасын құруды жеделдетуге және осы мәселеге арналған бірқатар кездесулер ұйымдастыруға келісті. Сонымен қатар, Тараз қаласын 2024 жылдың қыркүйегінен бастап бір жыл мерзімге ТМҰаграрлық астанасы деп жариялау туралы шешім қабылданды. Ал, Түркі мемлекеттері ұйымы ауыл шаруашылығы министрлерінің келесі 4-ші отырысы Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласында өткізілетін болады.