2023 жылғы 3 қарашадан бастап Қазақстан арқылы бидайды транзиттік тасымалдауға ресми түрде рұқсат етілді

2023 жылғы 3 қарашадан бастап Қазақстан арқылы бидайды транзиттік тасымалдауға ресми түрде рұқсат етілді

2023 жылғы 25 қыркүйекте лицензияланған элеваторлардың, астық өңдеушілердің және құс шаруашылығы кәсіпорындарына бидай әкелуді қоспағанда, үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен темір жол көлігімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салынды.

Қазақстан аумағы арқылы бидайды темір жол көлігімен транзиттік тасымалдауға шектеу қойылмайтынын ескертеміз.

Бұл ретте, бидайды әкелуге енгізілген тыйым екі жақты түсіндіруді қажет қылмау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің 30.10.23 жылғы № 372 бұйрығымен Қазақстан аумағы арқылы бидайды транзиттік тасымалдауға тыйым салмау бөлігінде АШМ-нің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 337 бұйрығына өзгерістер енгізілді.