Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров еліміздің аграрлық ғылым саласының өкілдерімен алғашқы кеңесті өткізді. Отырысқа жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басшылығы қатысты.
Естеріңізге салайық, бір жыл бұрын «білім – ғылым – өндіріс» тиімді тізбегін құру, сондай-ақ ғылыми-өндірістік құрамдас бөліктердің тиімділігін арттыру мақсатында ҰАҒБО-ны қайта құру туралы шешім қабылданған болатын. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы қызметіне тағайындалғанына бір айдан аз уақыт болған ҰАҒБО Басқарма төрағасы Бауыржан Қасенов баяндады.
Айта кету керек, Мемлекет басшысы өз Жолдауында Ұлттық ғылыми-зерттеу орталығының базасында агротехнологиялық хаб құруды, сондай-ақ шетелдік танымал агроғылым орталықтарымен толыққанды ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық орнатуды тапсырған болатын. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, барлық айтылған ұсыныстар алдағы уақытта шараларды қабылдау үшін жан-жақты зерделенетін болады.