Хабарландыру

Хабарландыру

Қазақстанның негізгі астық егетін өңірлерінің диқандары жаппай егін жинап, дәнді дақылдарды кептіру жұмыстарына кірісті. Астық қабылдау кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарындағы астық кептіру жабдықтары қазірдің өзінде толық дайын. Естеріңізге сала кетейік, ұзаққа созылған жауынды күндер бидайдың сапасының төмендеуіне, оның өнуіне және жоғары ылғалдылыққа әкелді.

2012 жылы Ақмола облысында астық кептіру және тазарту кешендерінің өндірісі жолға қойылды. Бұл қажетті техника отандық Azam элеватор жабдықтары мен астық кептіру кешенін құрастыру зауытында шығарылады. Бүгінгі таңда отандық құрастыру техникасы тек ірі астық қабылдау орындарында ғана емес, сонымен қатар аймақтардың шағын фермаларында да белсенді қолданылады.

Қазақстандық элеваторлық жабдық зауыты қалай жұмыс істейді, компания техниканы фермерлерге қысқа мерзімде жеткізуге дайын ба және ол қанша тұрады? Бұл туралы кәсіпорынға баспасөз туры аясында өндіріс басшылығы айтуға дайын.

Сонымен қатар, журналистерге жаңа дақылдың дәнін кептіру процесі қалай жүретіні көрсетіледі. Фермерлер бидай сапасының соңғы көрсеткіштері мен осы маусымда кездескен қиындықтар туралы айтады.

БАҚ өкілдерін Ақмола облысындағы Azam астық кептіру кешенін құрастыру зауытына баспасөз турына қатысуға шақырамыз.  

Өтетін күні мен жиналу уақыты: 29 қыркүйек, сағат 9.30-да Министрліктер үйінің аумағынан (3 кіреберіс) көлік жүреді. Көлік министрліктен қамтамасыз етіледі.

Бағыт және бару объектілері: Астана-Жалтыр. «AZAM-KC» ЖШС, «Журавлевка 1» ЖШС элеваторлық жабдықтар зауыты.

Аккредиттеу: 2023 жылғы 28 қыркүйек сағат 16.00-ге дейін 8 707 33 11 897 телефоны арқылы жүзеге асырылады.