Ауыл шаруашылығы министрі Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

Ауыл шаруашылығы министрі Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

2023 жылғы 22 қыркүйекте орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуі аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесу өткізеді. Күн тәртібінде еліміздің АӨК дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларды және өңірде егін жинау науқанын өткізу мәселелерін талқылау.

Кездесу сағат 10.00-де «АЗКО» ЖШС (Ғабит Мүсірепов ауданы) алаңында және 12.00-де «Стимул-23» ЖШС (Шал ақын ауданы) алаңында өтеді.

БАҚ-ты кездесуге қатысуға шақырамыз.

Толық ақпарат тел. бойынша .: +7 701 701 34 50 – Дамир Егізбаев